Өндірістік қуаттар дайын дәрілік заттар өндіретін үш аппараттық-технологиялық желіден тұрады:
- құтылардағы стерильді лиофилизацияланған инъекциялық препараттар;
- картридждер мен құтылардағы стерильді сұйық инъекциялық препараттар;
- алдын ала толтырылған шприцтердегі стерильді сұйық инъекциялық препараттар.
Бүкіл өндірістік процесс автоматтандырылған және бірыңғай SCADA бағдарламасымен басқарылады, өндірістік процестің барлық параметрлері тіркеліп, мұрағатталады, бұл «адами факторды» барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Басым бағыттардың бірі — инновациялық өнім өндіруге арналған жоғары технологиялық процестерді үнемі дамыту, жетілдіру және енгізу.
Шығарылуы жоспарланған дәрілік заттардың сапасы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын қағидалар мен нормалардың талаптарына сәйкес келеді, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және экологиялық параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.