Трастузумаб
verified Ісікке қарсы құрал
info Жалпы ақпарат
Атауы Трастузумаб, 440 мг, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизат, еріткішпен – инъекцияға арналған бактериостатикалық сумен жиынтықта
ХПА Трастузумаб (Trastuzumab)
Әсер етуші зат Трастузумаб
Фармакотерапиялық тобы Ісікке қарсы препараттар. Моноклоналды антиденелер және антидене-дәрілік зат конъюгаттары. HER2 (адамның эпидермистік өсу факторының 2-типті рецепторы) тежегіштері. Трастузумаб
Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизат, еріткішпен – инъекцияға арналған бактериостатикалық сумен жиынтықта.
Қаптамасы
Құтыда 440 мг препараттан. Құтыда 20 мл еріткіштен (инъекцияға арналған бактериостатикалық су).
Препараты бар 1 құты (440 мг дозада) және еріткіші (инъекцияға арналған бактериостатикалық су) бар 1 құты контурлы ұяшықты қаптамаға салынады. 1 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа салынады.
Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
EU GMP
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Емдеуші дәрігер сізге омыраудың және асқазанның қатерлі ісігін емдеу үшін Трастузумабты мына жағдайларда тағайындауы мүмкін:
- Сізде HER2 ақуызының деңгейі жоғары омыраудың ерте кезеңдегі қатерлі ісігі бар.
- Сізде HER2 деңгейі жоғары омыраудың метастазды қатерлі ісігі (бастапқы ісіктен тыс тарап кеткен омыраудың қатерлі ісігі) бар. Трастузумабты омыраудың метастазды қатерлі ісігін алғашқы емдеу ретінде паклитаксел немесе доцетаксел химиотерапиялық препаратымен бірге тағайындауға болады, немесе басқа емдеу әдістері сәтсіз болған жағдайда жеке тағайындауға болады. Сондай-ақ ол HER2 деңгейі жоғары және гормондық рецепторлары оң метастазды омыраудың қатерлі ісігі (әйел жыныстық гормондарының болуына сезімтал қатерлі ісік) бар пациенттерде ароматаза тежегіштері деп аталатын препараттармен бірге қолданылады.
- Сізде HER2 деңгейі жоғары асқазанның метастазды қатерлі ісігі бар, ол басқа ісікке қарсы препараттармен — капецитабинмен немесе 5-фторурацилмен және цисплатинмен бірге қолданылады.
