Семиклотин

    verified Қан ұю факторлары

    Семиклотин — қаптама

    info Жалпы ақпарат

    Атауы Семиклотин, 1,2 мг, 2,4 мг, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, еріткішпен (инъекцияға арналған су) жиынтықта
    ХПА Эптаког альфа (белсендірілген) (Eptacog alfa (activated))
    Әсер етуші зат Эптаког альфа [белсендірілген]
    Фармакотерапиялық тобы Геморрагияға қарсы препараттар. К дәрумені және басқа гемостатиктер. Қан ұю факторлары. Эптаког альфа (белсендірілген).
    Дәрілік түрі Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, еріткішпен (инъекцияға арналған су) жиынтықта
    Қаптамасы

    Құтыларда 1,2 мг немесе 2,4 мг препараттан. Құтыларда 5 мл еріткіштен (инъекцияға арналған су). Препараты бар 1 құты және еріткіші бар 1 құты контурлы ұяшықты қаптамаға салынады. 1 контурлы ұяшықты қаптама шығыс медициналық материалдармен жиынтықта: инесі киілген немесе қоса берілген үш құрамдас шприцпен (1,2 мг доза үшін 2 мл, 2,4 мг доза үшін 5 мл), шеткі көктамырларға арналған катетермен (көктамыр ішіне қол жеткізуге арналған ұзартқышы бар инфузиялық канюля (көбелек ине) немесе көктамыр ішіне қол жеткізуге арналған инъекциялық порты бар инфузиялық канюля), 1 инъекциялық сүзгі-канюлямен, полиэтилен пакетке салынған 2 спирт майлықпен бірге картон қорапқа салынады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    Семиклотин препараты ересектер мен балаларға қолданылады:

    1. пациенттердің мынадай топтарында хирургиялық араласулар мен инвазивті процедуралар жүргізу кезінде қан кетуді тоқтату және болдырмау үшін:

    • гемофилиямен туылған және VIII немесе IX қан ұю факторларымен емге жауап бермейтін пациенттерде;
    • жүре пайда болған гемофилиясы бар пациенттерде;
    • VII қан ұю факторының тапшылығы бар пациенттерде;
    • жай-күйін тромбоциттерді құюмен тиімді емдеу мүмкін емес немесе тромбоциттерді құю қолжетімсіз Гланцман тромбастениясы (қан ұюының бұзылуы) бар пациенттерде.

    2. гемостазға қол жеткізу үшін утеротониктерді қолдану жеткіліксіз болған кездегі босанудан кейінгі массивті қан кетулерді емдеу үшін.