Семавик

    verified Қант диабетін емдеуге арналған препараттар

    imageҚаптама фотосы жақында қосылады

    info Жалпы ақпарат

    Атауы Семавик, 1,34 мг/мл (0,25/0,5/1 мг/доза), тері астына енгізуге арналған ерітінді
    ХПА Семаглутид (Semaglutide)
    Әсер етуші зат Семаглутид
    Фармакотерапиялық тобы Диабетте қолданылатын дәрілік препараттар. Инсулиндерден басқа, қандағы глюкоза деңгейін төмендететін препараттар. Глюкагонтәрізді пептид-1 (ГТП-1) аналогтары. Семаглутид.
    Дәрілік түрі Тері астына енгізуге арналған ерітінді.
    Қаптамасы

    Түссіз шыны картридждерде 3 мл препараттан.

    Картридж қайта-қайта инъекция жасауға арналған пластик көп дозалы бір реттік шприц-қаламға орнатылады.

    Қайта-қайта инъекция жасауға арналған алдын ала толтырылған 1 көп дозалы бір реттік шприц-қалам және 4 немесе 9 бір реттік инесі бар 1 картон қорап картон қорапқа салынады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    Семавик диетаға және дене жаттығуларына қосымша ретінде бақылауы жеткіліксіз 2 типті қант диабеті бар ересек пациенттерде қолдануға көрсетілген:

    • төзбеушілікке немесе қарсы көрсетілімдерге байланысты метформин тағайындау орынсыз болғанда монотерапия ретінде
    • диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік препараттарға қосымша ретінде.