Ритуксимаб
verified Ісікке қарсы және иммуномодуляциялық құрал.
info Жалпы ақпарат
Құтыларда 10 мл немесе 50 мл препараттан.
2 құтыдан (10 мл препараттан) контурлы ұяшықты қаптамада. 1 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа салынады.
1 құты (50 мл препарат) картон қорапқа салынады.
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Ритуксимаб препаратын қолдану мынадай аурулары бар пациенттерге көрсетілген:
Ходжкинсіз лимфома
Бұл — В-лимфоциттер деп аталатын лейкоциттер түріне әсер ететін лимфа тінінің (иммундық жүйенің бөлігі) ауруы.
Ритуксимаб препараты ересек пациенттерге жеке немесе «химиотерапия» деп аталатын басқа препараттармен бірге тағайындалады.
Емі тиімді болған ересек пациенттерде Ритуксимаб препаратын алғашқы емді аяқтағаннан кейін демеуші ем ретінде қолдануға болады.
Созылмалы лимфолейкоз
Созылмалы лимфолейкоз — ересектердегі лейкоздың ең көп таралған түрі. Ол сүйек кемігінде түзіліп, лимфа түйіндерінде дамитын В-лимфоциттерге әсер етеді. Созылмалы лимфолейкозы бар пациенттерде аномальды лимфоциттер тым көп түзіліп, олар негізінен сүйек кемігі мен қанда жиналады. Ритуксимаб химиотерапиямен бірге осы жасушаларды жояды, олар биологиялық үдерістер нәтижесінде организмнен біртіндеп шығарылады.
Ревматоидты артрит
Ревматоидты артритте буындар зақымдалады. Ритуксимаб әсер ететін В-лимфоциттер ревматоидты артрит симптомдарының кейбіреулерінің пайда болуына қатысады.
Ритуксимаб препараты басқа препараттармен ем қабылдаған, бірақ олар әсер етуін тоқтатқан, жеткіліксіз тиімді болған немесе жағымсыз реакциялар туғызған ересек пациенттерде ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылады.
Ритуксимаб препаратын әдетте метотрексат деп аталатын басқа дәрілік препаратпен бірге қолданады.
Ритуксимаб ревматоидты артриттен туындаған буындардың зақымдалуын баяулатады және күнделікті әрекеттерді орындау қабілетін жақсартады.
Полиангиитпен гранулематоз және микроскопиялық полиангиит
Полиангиитпен гранулематоз және микроскопиялық полиангиит — негізінен өкпе мен бүйректі зақымдайтын, сондай-ақ басқа органдарды да зақымдауы мүмкін қан тамырлары қабынуының екі түрі. В-лимфоциттер осы жай-күйлердің пайда болуына қатысады.
Ритуксимаб препараты полиангиитпен гранулематозды (бұрын бұл ауру Вегенер гранулематозы деп аталған) немесе микроскопиялық полиангиитті емдеу үшін ересектерге және 2 жастан асқан балаларға глюкокортикоидтармен бірге қолданылады.
Кәдімгі бөртпе (Pemphigus vulgaris)
Кәдімгі бөртпе — теріде, ауыз, мұрын, жұтқыншақ және жыныс мүшелерінің кілегейлі қабығында ауыртатын көпіршіктер пайда болатын аутоиммундық ауру.
Ритуксимаб кәдімгі бөртпенің орташа немесе ауыр дәрежесі бар пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
