РинГлар 300 ГФ

    РинГлар 300 ГФ — қаптама

    info Жалпы ақпарат

    Атауы РинГлар 300 ГФ, 300 БІ/мл, 1,5 мл, инъекцияға арналған ерітінді
    ХПА Инсулин гларгин (Insulin glargine)
    Әсер етуші зат Инсулин гларгин
    Фармакотерапиялық тобы Диабетте қолданылатын дәрілік препараттар. Инсулиндер және аналогтар. Инъекцияға арналған ұзақ әсер ететін инсулиндер және аналогтар. Инсулин гларгин.
    Дәрілік түрі Инъекцияға арналған ерітінді.
    Қаптамасы

    Түссіз шыны картридждерде 1,5 мл препараттан.

    1. 5 картридж контурлы ұяшықты қаптамада. 1 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа салынады.

    2. Картридж қайта-қайта инъекция жасауға арналған пластик көп дозалы бір реттік шприц-қалам Geropharm Pen-ге орнатылады. Қайта-қайта инъекция жасауға арналған алдын ала толтырылған 3 немесе 5 көп дозалы бір реттік шприц-қалам Geropharm Pen картон қорапқа салынады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    РинГлар 300 ГФ дәрілік препараты қант диабетін емдеу үшін ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген.