РинГлар 100 БІ/мл

    РинГлар 100 БІ/мл — қаптама

    info Жалпы ақпарат

    Атауы РинГлар, 100 БІ/мл, тері астына енгізуге арналған ерітінді
    ХПА Инсулин гларгин (Insulin glargine)
    Әсер етуші зат Инсулин гларгин
    Фармакотерапиялық тобы Қант диабетін емдеуге арналған құралдар. Инсулиндер және олардың аналогтары. Инъекциялық енгізуге арналған ұзақ әсер ететін инсулиндер және олардың аналогтары.
    Дәрілік түрі Тері астына енгізуге арналған ерітінді.
    Қаптамасы

    Түссіз шыны картридждерде 3,0 мл.

    1. 5 картридж контурлы ұяшықты қаптамада. 1 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа салынады.

    2. Картридж қайта-қайта инъекция жасауға арналған пластик көп дозалы бір реттік шприц-қаламға Ринастра II орнатылады. Қайта-қайта инъекция жасауға арналған алдын ала толтырылған 5 көп дозалы бір реттік шприц-қалам Ринастра II картон қорапқа салынады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    РинГлар инсулинмен емдеуді қажет ететін қант диабетінде ересектерге, жасөспірімдерге және 2 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген.