Ревекард
verified Антитромботикалық препараттар
info Жалпы ақпарат
Атауы Ревекард, 50 мг, көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, еріткішпен – инъекцияға арналған сумен жиынтықта
ХПА Алтеплаза (Alteplase)
Әсер етуші зат Алтеплаза
Фармакотерапиялық тобы Антитромботикалық препараттар. Ферменттік препараттар. Алтеплаза.
Дәрілік түрі Көктамыр ішіне инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, еріткішпен – инъекцияға арналған сумен жиынтықта.
Қаптамасы
Шыны құтыларда 50 мг препараттан. Шыны құтыларда 50 мл еріткіштен (инъекцияға арналған су).
Препараты бар 1 құты және еріткіші бар 1 құты картон қорапқа салынады.
Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
EU GMP
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Ревекард препараты қан тамырларында тромбтардың түзілуінен туындаған жай-күйлерді емдеу үшін қолданылады:
- жүрек талмасы (жедел миокард инфаркты);
- өкпе қан тамырларының тромбтармен бітелуі (өкпе артериясының жедел массивті тромбоэмболиясы);
- бас миы қан тамырындағы тромбтан туындаған инсульт (жедел ишемиялық инсульт).
