Пемброриа
imageҚаптама фотосы жақында қосылады
info Жалпы ақпарат
Атауы Пемброриа, 25 мг/мл, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
ХПА Пембролизумаб (Pembrolizumab)
Әсер етуші зат Пембролизумаб
Фармакотерапиялық тобы Ісікке қарсы препараттар. Моноклоналды антиденелер және антидене – дәрілік зат конъюгаттары. PD-1/PD-L1 (бағдарламаланған жасуша өлімі ақуызы-1/лиганд-1) тежегіштері. Пембролизумаб
Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
Қаптамасы
Құтыларда 4 мл препараттан. 1 құтыдан картон қораптарға, немесе 1 құтыдан контурлы ұяшықты қаптамада картон қораптарға салынады.
Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
EU GMP
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
- Меланома (тері қатерлі ісігінің түрі);
- Ұсақ жасушалы емес өкпе қатерлі ісігі;
- Бас пен мойынның жалпақ жасушалы қатерлі ісігі;
- Классикалық Ходжкин лимфомасы;
- Уротелиальді карцинома (несеп жолдары қатерлі ісігінің түрі);
- Өңеш қатерлі ісігі;
- Микросаттеллиттік тұрақсыздығы жоғары (MSI-H) немесе ДНҚ репарация жүйесінің бұзылыстары (dMMR) бар қатерлі ісіктер (ісік жасушасында арнайы тестілермен анықталатын белгілі бір қасиеттердің болуы);
- Колоректальді қатерлі ісік (тоқ ішек қатерлі ісігінің түрі);
- Жатыр мойны қатерлі ісігі;
- Бүйрек жасушалы карцинома;
- Эндометрий қатерлі ісігі (жатыр қатерлі ісігінің түрі);
- Үш еселі негативті сүт безі қатерлі ісігі;
- Асқазан немесе өңеш-асқазан түйіскенінің аденокарциномасы;
- Өт шығару жолдарының карциномасы.
