Октоклотин
verified Қан ұю факторлары
info Жалпы ақпарат
Шыны құтыларда 500 ХБ, 1000 ХБ немесе 2000 ХБ әсер етуші заттан. Шыны құтыларда 5 мл еріткіштен.
Лиофилизаты бар 1 құты және еріткіші бар 1 құты контурлы ұяшықты қаптамаға салынады.
1 контурлы ұяшықты қаптама шығыс медициналық материалдармен жиынтықта: инесі киілген немесе қоса берілген, сыйымдылығы 5 мл 1 бір реттік стерильді үш құрамдас инъекциялық шприцпен, 1 сүзгі-канюлямен, шеткі көктамырларға арналған 1 катетермен (көктамыр ішіне қол жеткізуге арналған ұзартқышы бар инфузиялық катетер (көбелек ине) немесе көктамыр ішіне қол жеткізуге арналған инъекциялық порты бар инфузиялық катетер), 1 бекітуші пластырьмен, 2 спирт майлықпен (шығыс медициналық материалдар полиэтилен пакетке салынған) картон қорапқа салынады.
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Октоклотин А гемофилиясы бар ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қан кетуді емдеу және болдырмау үшін қолданылады.
