Интерстел

    verified Ревматология

    imageҚаптама фотосы жақында қосылады

    info Жалпы ақпарат

    Атауы Интерстел, 45 мг/0,5 мл және 90 мг/1 мл, тері астына енгізуге арналған ерітінді
    ХПА Устекинумаб (Ustekinumab)
    Әсер етуші зат Устекинумаб
    Фармакотерапиялық тобы Иммуносупрессанттар. Интерлейкин тежегіштері. Устекинумаб.
    Дәрілік түрі Тері астына енгізуге арналған ерітінді.
    Қаптамасы

    Шыны шприцтерде 0,5 мл (45 мг/0,5 мл) немесе 1,0 мл (90 мг/1,0 мл) препараттан.

    Препараты бар алдын ала толтырылған 1 шприц контурлы ұяшықты қаптамаға салынады. Бір контурлы ұяшықты қаптама картон қорапта.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    • Бляшкалы псориаз

    Интерстел препараты циклоспоринді, метотрексатты немесе псораленмен және ультракүлгін А-мен біріктірілген емді (ПУВА-терапия) қоса, жүйелік терапияның басқа әдістеріне жауап болмаған, қарсы көрсетілімдер болған немесе төзбеушілік болған жағдайда ересек пациенттерде бляшкалы псориаздың орташа немесе ауыр дәрежесін емдеу үшін көрсетілген.

    • Балалардағы бляшкалы псориаз

    Интерстел препараты жүйелік терапияның немесе фототерапияның басқа әдістеріне барабар жауап болмаған немесе төзбеушілік болған жағдайда 6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде бляшкалы псориаздың орташа немесе ауыр дәрежесін емдеу үшін көрсетілген.

    • Псориатикалық артрит

    Интерстел препараты алдыңғы стандартты терапияға барабар жауап болмаған кезде монотерапия ретінде немесе метотрексатпен біріктіріліп белсенді псориатикалық артриті (ПсА) бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.