Глюцеразим
imageҚаптама фотосы жақында қосылады
info Жалпы ақпарат
Атауы Глюцеразим, 400 БІ, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат
ХПА Имиглюцераза (Imiglucerase)
Әсер етуші зат Имиглюцераза
Фармакотерапиялық тобы Асқазан-ішек жолдары аурулары мен зат алмасу бұзылыстарын емдеуге арналған басқа препараттар. Ферменттік препараттар. Имиглюцераза.
Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат.
Қаптамасы
Шыны құтыларда 400 БІ препараттан. Препараты бар 1 құты картон қорапқа салынады.
Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
EU GMP
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Глюцеразим препараты аурудың клиникалық маңызды неврологиялық емес көріністері бар, Гоше ауруының бірінші типі (нейронопатиялық көріністерсіз) немесе үшінші типі (созылмалы нейронопатиялық көріністерімен) расталған диагнозы бар пациенттерді ұзақ мерзімді фермент алмастырушы емдеуге арналған.
Гоше ауруының неврологиялық емес көріністеріне мынадай симптомдардың бір немесе бірнешеуі жатады:
- анемия (темір тапшылығы сияқты басқа себептерді жоққа шығарғаннан кейін),
- тромбоцитопения,
- сүйек аурулары (D дәрумені тапшылығы сияқты басқа себептерді жоққа шығарғаннан кейін),
- гепатомегалия (бауыр көлемінің ұлғаюы) немесе спленомегалия (көкбауыр көлемінің ұлғаюы).
