Элимаб

    info Жалпы ақпарат

    Атауы Элимаб, 10 мг/мл, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
    ХПА Экулизумаб (Eculizumab)
    Әсер етуші зат Экулизумаб
    Фармакотерапиялық тобы Иммуносупрессанттар. Іріктелген иммуносупрессанттар. Экулизумаб.
    Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат.
    Қаптамасы

    Шыны құтыларда 30 мл препараттан. Препараты бар 1 құты картон қорапқа салынады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    Элимаб препараты ересектер мен балаларды емдеу үшін көрсетілген:

    • пароксизмальді түнгі гемоглобинурия (ПТГ): экулизумабтың тиімділігі гемолизі және аурудың жоғары белсенділігін көрсететін қосарлас клиникалық симптомдары бар пациенттерде, анамнезінде гемотрансфузияға қажеттіліктің болуына қарамастан расталған.
    • атипті гемолитикалық-уремиялық синдром (аГУС).
    • ацетилхолин рецепторларына (AChR) антиденелері бар рефрактерлі генерализді миастенияның (ГМГ) 6 жастан асқан пациенттері.

    Элимаб препараты ересек пациенттерді мыналармен емдеу үшін көрсетілген:

    • аквапорин-4 (AQP4) антиденелері бар және аурудың рецидивті ағымы бар оптиконевромиелитпен байланысты бұзылыстар (ОНМБ).