Бевацизумаб
info Жалпы ақпарат
Атауы Бевацизумаб, 25 мг/мл, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
ХПА Бевацизумаб (Bevacizumab)
Әсер етуші зат Бевацизумаб
Фармакотерапиялық тобы Ісікке қарсы препараттар. Моноклоналды антиденелер және антидене конъюгаттары. VEGF/VEGFR (қантамыр эндотелий өсу факторы) тежегіштері. Бевацизумаб
Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
Қаптамасы
Құтыда 4 немесе 16 мл препараттан. 1 құты (4 немесе 16 мл) картон қорапқа салынады.
Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС
EU GMP
assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері
Бевацизумаб препараты ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады:
- фторпиримидині бар химиотерапиямен бірге, тарап кеткен тоқ ішек қатерлі ісігі бар;
- капецитабинмен немесе паклитакселмен бірге, сүт безінің метастазды қатерлі ісігі бар;
- платинасы бар химиотерапиямен бірге, ұсақ жасушалы емес өкпе қатерлі ісігі бар;
- қатерлі жасушаларында эпидермистік өсу факторының рецепторы (EGFR) деп аталатын ақуыздың нақты мутациялары бар, үдемелі ұсақ жасушалы емес өкпе қатерлі ісігі бар. Бевацизумаб эрлотинибпен бірге енгізіледі;
- интерферондар тобына жататын дәрілік препараттармен бірге, бүйрек қатерлі ісігі бар;
- карбоплатинмен және паклитакселмен бірге, аналық бездің, жатыр түтіктерінің немесе қарыншаның біріншілік қатерлі эпителиалды ісігі тарап кеткен;
- платина препараты бар химиотерапиядан кейін кемінде 6 айдан соң ауру симптомдары қайта пайда болған, аналық бездің, жатыр түтіктерінің немесе қарыншаның қатерлі эпителиалды ісігі тарап кеткен пациенттер. Мұндай пациенттерге Бевацизумаб карбоплатинмен және гемцитабинмен бірге тағайындалады;
- платина препараты бар химиотерапиядан кейін 6 айдан ертерек ауру симптомдары қайта пайда болған, аналық бездің, жатыр түтіктерінің немесе қарыншаның қатерлі эпителиалды ісігі тарап кеткен пациенттер. Мұндай пациенттерге Бевацизумаб паклитакселмен, немесе топотеканмен, немесе пегиляцияланған липосомалық доксорубицинмен бірге тағайындалады;
- пациент платина препаратымен ем ала алмайтын жағдайда, паклитакселмен және цисплатинмен, немесе паклитакселмен және топотеканмен бірге, жатыр мойнының тұрақты немесе рецидивті метастазды қатерлі ісігі бар.
