Адалира

    info Жалпы ақпарат

    Атауы Адалира, 40 мг/0,8 мл, тері астына енгізуге арналған ерітінді
    ХПА Адалимумаб (Adalimumab)
    Әсер етуші зат Адалимумаб
    Фармакотерапиялық тобы Иммуносупрессанттар. Ісік некрозының факторы-альфа (ІНФ-α) тежегіштері. Адалимумаб.
    Дәрілік түрі Тері астына енгізуге арналған ерітінді.
    Қаптамасы

    0,8 мл препарат үш құрамдас шприцтерге салынады. Әр шприц цилиндрі түссіз бейтарап шыныдан жасалған. Шприцтің бір жағында қатты қалпақшамен қорғалған, тот баспайтын болаттан жасалған инъекцияға арналған пісірілген ине бар. Екінші жағынан шприц поршеньмен бекітілген, оның штогы полипропиленнен жасалған; поршень ұшында фторполимермен қапталған бутилкаучук тығыздағышы бар. 1 шприц контурлы ұяшықты қаптамаға салынады. 2 контурлы ұяшықты қаптама картон қорапқа салынады. Қорап қосымша 2 дана спирт майлықпен жиынтықталады.

    Өндіруші «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС EU GMP

    assignment_turned_in Қолдану көрсетілімдері

    Адалира препараты төменде сипатталған қабынулық ауруларды емдеуге арналған:

    • Ревматоидты артрит
    • Ювенильді ревматоидты артрит
    • Полиартикулярлы ювенильді идиопатиялық артрит
    • Энтезитпен байланысты артрит
    • Аксиальді спондилоартрит
    • Анкилоздаушы спондилит (АС)
    • АС-тің рентгенографиялық расталуынсыз аксиальді спондилоартрит
    • Псориатикалық артрит
    • Ересектер мен балалардағы бляшкалы псориаз
    • Іріңді гидраденит
    • Ересектер мен балалардағы Крон ауруы
    • Ересектер мен балалардағы ойық жаралы колит
    • Ересектер мен балалардағы увеит