ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «КАРАГАНДИНСКИЙ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС»

Технология

Жобада пайдаланылатын технологиялар қолданыстағы барлық нормативтік құжаттамаға және «Емдік дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау және өндіру ережелерінің» GMP ЕU талаптарына сәйкес келеді.

Шығарылатын фармацевтика өнімінің сапасына және қауіпсіздігіне деген жоғары талаптарға байланысты жетекші еуропа өндірушілерінің ең заманауи технологиялық жабдығы пайдаланылады:

- «BOSCH» (Германия) – сауыттар мен картридждерді асептикалық толтыру желісі;

-  «GEA» (Германия)  - лиофилизациялық қондырғылар;

-  «OPTIMA» (Германия) – алдын-ала толтырылған шприцтерге зарарсыздандырылған құю желісі;

-  «ROTA (Германия) , «ROMACO» (Германия)  - ЕД қайталама орау учаскесі.

«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ң бастапқы өндірістік қуаты жылына 4 млн. қаптаманы құрайды, бұл республикалық денсаулық сақтаудың дәрі-дәрмектердің бейінді топтары бойынша қажеттілігін қамтамасыз етіп, сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Өндірістік қуаттар дайын емдік дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша үш аппаратуралық-технологиялық желілермен ұсынылған:

- сауыттардағы зарарсыздандырылған лиофилизденген инъекциялық дәрі-дәрмектер;

- картридждердегі және сауыттардағы зарарсыздандырылған сұйық инъекциялық дәрі-дәрмектер;

- алдын-ала толтырылған шприцтердегі зарарсыздандырылған сұйық инъекциялық дәрі-дәрмектер;

Барлық өндірістік процесс автоматтандырылған және бірыңғай SCADA бағдарламасымен басқарылады, өндірістік процестің барлық параметрлері тіркеледі және мұрағаттанады, бұл «адам факторын» барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Басым бағыттардың бірі өндірістік технологиялық желілерді үнемі жетілдіру, инновациялық өнімді өндіру үшін жоғары технологиялық процестерді дамыту және енгізу болып табылады.

Шығаруға жоспарланып отырған емдік дәрі-дәрмектердің сапасы Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етіп жатқан ережелер мен нормалардың талаптарына сай келеді, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін және экологиялық параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.