ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «КАРАГАНДИНСКИЙ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС»

Компания туралы

2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасымен бірегей дәрі-дәрмектерді өндіруге арналған «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ң бірінші кезегі салынып, пайдалануға енгізілді.

2008 жылы онкология ауруларын емдеуге арналған Арглабин атты отандық бірегей дәрі-дәрмекті өндіру басталды.

2010 жылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, мемлекеттік қордың қаржылай қатысуымен «Қарағанды фармацевтика кешені»-нің үшінші кезегін салу басталды. 

2012 жылдың шілдесінде компания дамуын жеке инвестициялау туралы шешім қабылданды, бұл жобаны жүзеге асыруға жаңа серпін беруге мүмкіндік берді.

Жобаға кіреді:

1. Ауданы 2500 шаршы м. әкімшілік – зертханалық корпустың салынуы, онда Сапаны Бақылау Бөлімінің үш – физикалық – химиялық, микробиологиялық және биохимиялық зертханалары орналасатын болады. СББ зертханалары микроклиматты сақтау, ауа мен суды тазартудың қажетті инженерлік жүйелерімен, ең заманауи зертханалық жабдықпен жабдықталатын болады. Зертхана бөлмелерінің жалпы ауданы 936 шаршы м. құрайды.  

2. Ауданы 2300 шаршы м. зарарсызданған дәрі-дәрмек түрлері цехін жаңарту. Цех сауыттарда, картридждерде және алдын-ала толтырылған шприцтерде дәрі-дәрмектерді шығаруға маманданатын болады.

3. «Суық тізбекте» жұмыс жасауға жабдықталған және Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе (GDP) талаптарына жауап беретін сыйымдылығы 1 500 паллеторын фармацевтика қоймасын салу;

«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС пайдалануға енгізу 2015 ж. белгіленген. Жалпы аумағы

150 астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

«Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС-ң даму стратегиясы өнеркәсіп өндірісіне серіктес компаниялардың бірегей және қайта жаңғыртылған емдік дәрі-дәрмектерін енгізуге бағытталған.